Жұмысшы мамандарға арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылуы мүмкін
«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында техникалық мамандарға арналған ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажет.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту бойынша кеңес жиынында айтты. «Отбасы банкін» даму институтына айналдыру, саланы одан әрі дамыту үшін жеке қаражатты тарту және өзге де ұсыныстар талқыланды. Былтыр 18,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Алдағы 5 жылда бұл көрсеткішті 111 млн шаршы метрге дейін ұлғайту көзделіп отыр.