Қазақстан әскері заманауи техникалармен жабдықталып жатыр
Кездесуде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің бөлімшелері мен құрамаларының жауынгерлік даярлығын арттыру мәселелері талқыланды. Бұған дейін өткізілген және жыл соңына дейін жоспарланған ауқымды оқу-жаттығулар жөнінде де есеп берілді. Қорғаныс саласында басшылық лауазымдардың санын қысқарту және басқару құрылымын оңтайландыру ісі жүріп жатыр. Келер жылы елордада өтетін Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығы және Отан қорғаушы күніне арналған әскери парадқа да әзірлік басталып кетті. Елбасы бұл шаралардың сапалы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сала басшылығына жүктелген тағы бір маңызды міндет – отандық қорғаныс өнеркәсібінің министрлік мүддесіне сай жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Осы ретте Нұрлан Ермекбаев армияның құрылыс және даму бағдарламаларын таныстырды. Қазіргі уақытта әскер заманауи техникалармен жабдықталып жатыр. «Әсіресе оқ-дәрілерді қауіпсіз аймақта сақтауға баса мән берілген», – деді ведомство басшысы.
Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:
- Қазіргі заманғы жан-жақты жабдықталған, кез келген жағдайда әрекет етуге дайын армия керегін тапсырған болатынсыз. Қорғаныс министрлігі ағымдағы жылда жауынгерлік әзірлігін, қабілетін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырды.