Хабар телеарнасы

Түркістан облысында 70 азамат әскерге аттанды

Түркістан облысында 70 азамат Отан алындағы борышын өтеу үшін әскерге аттанды. Жас өрендердің 40-ы Ақтау қаласындағы жаяу-теңіз әскеріне шақырылса, 30 жауынгер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне аттанды. Әскерге 18-27 жас аралығындағы тепсе темір үзетін, дені сау жігіт шақырылады. Бүгінге дейін Түркістан облысынан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне 300 сарбаз, ал Қарулы Күштер қатарына мыңнан астам азамат жіберілген. 

Бекзат Тәслімбаев, қала тұрғыны:
-Бүгін міне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне өз еркіммен аттанып бара жатырмын. Барлық 18-ге толған Қазақстан жастарын әскерге шақырамын. Еліміздің болашағы жастардың қолында.

Жандос Күлдербаев, облыстық Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары:
-Жастарымызға анттарына адал, сертеріне берік болуын тілейміз. Алда әлі талай жастарды әскерге шығарып саламыз. Біздің меже биылдыққа 2500-ден аса сарбазды еліміздің әр аймағына өз отанын қорғауға жібереміз.