«Таза Қазақстан»: ел шығысындағы музейлер, қала көшелері жаңа кейіпке енді
Ел шығысындағы ашық аспан астындағы музейлер, қала көшелері мен гүлзарлар жаңа кейіпке енді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үн қосқан 100 мыңнан астам тұрғын таулы аймақтағы бұлақ көзін де аршыды. Қоғам белсенділері сондай-ақ 600-дей аула мен этнографиялық қорық музей аумағын қоқыстан тазартты.
Аяужан Әшімова, қоғамдық кеңес мүшесі:
-Әрбір адам өз қолымен қаламызды, тұратын жерімізді таза және әдемі, көрікті етуге үлес қосса, соншалықты оның таза күйінде сақталуына әсер етеді. Сөйтіп қоғамда жақсы бір тамаша мәдениет қалыптасады.