Сарапшылар Жолдауды іске асыруға қатысты ұсыныс білдірді
Жиналғандар құжатты үш бағытқа бөліп қарастыру керектігін айтады. Ол – экономика, әлеуметтік қамсыздандыру мен рухани жаңғыру. Негізгі салалар теңдей қамтылған. Сөз алғандар оның әрқайсысының астарында мәселе көтеріліп қана қоймай, жүйелі шешу жолы көрсетілгендігіне тоқталды. Өз кезегінде белгілі ұсыныстарын да айтты. Мәселен, зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін пайдаланушылар тізімін нақтылады.
Дәурен Базаров, Еуразиялық интеграция институтының сектор меңгерушісі:
- 21 мың бала жыл сайын оқуға түсе алмай қалады екен. Бұл жұмыссыз жастардың санын көбейтеді. Осылардың оқуына ата-анасының зейнетақы қорындағы ақшасын қолдануға рұқсат берсе керемет болар еді.
Арман Ешмұратов, Еуразиялық интеграция институтының орталық басшысы:
- Экономикамен бірге басқа әлеуметтік-саяси реформалар бірге қоса жүруі керек. Бұл – консептуалды өзгеріс. Соттың, органдардың да реформасы қазіргі заманға сай болуы керек.