Хабар телеарнасы

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту қажет

Қазір еліміз энергетикалық қауіпсіздікті қамту мақсатында маңызды қадам алдында тұр. АЭС салу бастамасын энергетик мамандар мен әлемдік сарапшылар қызу қолдап отыр.  Ядролық технология климаттық дағдарысты шешуде, сондай-ақ тұрақты жаһандық даму мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызды рөл атқарады.

Сарапшылардың пікірінше, атом энергиясы болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтай отырып, энергетикалық қауіпсіздікті қамтуға көмектеседі. Ал арзан электр энергиясы өндірісті дамытудың қозғаушы күшіне айналып, экономика саласында жаңа технологиялық секторлардың пайда болуына септігін тигізуі мүмкін.

Владимир Витюк, ҚР Ұлттық ядролық орталығы бас директорының орынбасары:

- Ядролық энергия энергияның ең таза және қауіпсіз көзі. Бұл Қазақстанға не үшін қажет? Алдымен электр энергиясын өндіруді әртараптандыру үшін. Ал бұған атом энергиясын енгізбей, көмір энергиясының үлесін азайтпай, қол жеткізу мүмкін емес. Жаңартылатын энергия көздерін де дамыту қажет, бірақ олар өнеркәсіптің іркіліссіз жұмыс істеуіне қажетті шоғырланған энергия көзін алмастыра алмайды.