Алматыда өгей әкесі 2 жастағы ұлды сабап тастады
Алайда медициналық тексеру жүргізген дәрігерлер бүлдіршіннің денесінен күш қолдану белгілерін байқап, қалалық полицияға хабарлады. Тергеу амалдарының нәтижесінде күдікті өз кінәсін мойындады. Ол бала тоқтаусыз жылап, жұбатуға көнбегендіктен осындай әрекетке барғанын жеткізген. Қайғылы жағдай болған кезде анасы жұмыста болыпты. Заңды некеге тұрмаған отағасынан зәбір көрген бала қазір ауыр халде жатыр.
Дінмұхамед Рузуддинов, №1 қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Сүйек трепанациясына ота жасалып, бас ұйыған қандардан толық тазартылды. Қазіргі жағдайда бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бала жасанды өкпенін желденуімен дем алуда. Қазіргі уақытта оның жағдайы өте ауыр. Өміріне қауіпті жағдайда жатыр.