Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, «Мечта» тұрғын үй кешенін салу барысында бірқатар заңбұзушылыққа жол берілген. Нақтырақ айтсақ, рұқсат құжаттары болмаған және бекітілген жобадан ауытқыған. Сонымен қатар жер телімінің мақсаты да сақталмаған. Мұнда тек жеке тұрғын үй салуға рұқсат берілген. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары 2022 жылы басталған. 2023 жылы шілдеде Алматы қалалық соты нысанды бұзуға шешім шығарады. 2024 жылы 30 қаңтарда Жоғарғы сот Алматы қалалық сотының объектіні бұзу туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырды. Алдағы уақытта Алатаудың бөктеріндегі өзге де заңсыз нысандар сүріледі.
Дәурен Тұрысбеков, қала құрылысын бақылау басқармасының бөлім басшысы:
-Біз тау бөктерінен 54 заңсыз нысанды анықтадық. Олардың көбі құрылыс нормаларын сақтамаған немесе рұқсатсыз тұрғызылған. Ол ғимараттар жіті тексеріліп, бірқатары бойынша сот шешімі бар. Яғни бұрыңғы қалпына келтіру немесе бұзу туралы шешім шығарылған.