Талдықорғанға Оңтүстік Кореядан жоғары дәрежелі дәрігерлер келді
Хирург, кардиолог, травмотолог, көмекші және аудармашыларды қоса алғанда 60 шақты маман жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде. Олар ем-домнан бөлек, қалалық көпсалалы аурухананың дәрігерлермен бірлесе операция жасап жатыр. Төрт күнде 30 науқасқа хирургиялық көмек көрсетілді. Әрі нейрохирург, ортопед, невролог және кардиологтар 700 адамды қабылдап, кеңес берді. Игі шара емдеу мекемелері және облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасындағы мемарандум негізінде әрі қазақ халқына алғыс ретінде ұйымдастырылды.
Ким Бу Соп, «Хендэ» ауруханасының директоры:
-Осымен бесінші рет Қазақстанға келдік. Жетісуға жер аударылған кәріс ұлтына қазақ халқы кезінде көп көмектескен. Соның алғысы ретінде медициналық көмек көрсетіп жатырмыз. Біз осындай волонтерлікпен қатар көктемде, күзде екі ел дәрігерлерінің бірлескен семинарын өткіземіз.