Алматыда дәрілік заттарды шығаратын жаңа зауыт салынады
Биыл отандық фармацевтикалық өнім өндіру 18% өскен. Алматыда жоғары технологиялық дәрілік заттарды шығаратын жаңа зауыт салынбақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Бұдан өзге, биыл халықты қажетті дәрі-дәрмекпен қамтуға 474 млрд теңге қарастырылған. «Бұл қаржының қомақты бөлігі республикалық бюджеттен бөлінді»,– дейді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова. Ал жергілікті қазынадан 26,7 млрд теңге жұмсалыпты. Нәтижесінде амбулаторлық деңгейде 3,5 миллион емделуші тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған. Ал дәрілік заттар ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы үшін медициналық ұйымдарда 172 және 694 жеке, сондай-ақ 15 жылжымалы дәріхана ұйымдастырылған.