Талдықорғанда жасөспірімдер жасаған қылмыс 4,3% көбейді
Оқушылардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін олардың санын арттыру қажет. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясының жиынында осындай ұсыныс жасалды. Сонымен қатар басқосуда білім ордасындағы камераларды көбейту керектігі айтылды. Өйткені өңірдегі мектептерге 16 мыңға жуық бейнебақылау құрылғысы орнатылған. Ол тек жалпы жағдайды бақылауға ғана жетеді. «Ал қуыстар мен аула көп жағдайда назардан тыс қалып жатады. 300 мектептің дәретханасы далада орналасқанын ескерсек, бұл аздық етеді», – деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Ұрымханов. Басқосуда балалардың құқықбұзушылығы да сөз болды. Биылғы 10 айда жасөспірімдер қылмысы өткен жылмен салыстырғанда 4,3% көбейген. Ал аймақтағы 900-ден аса тұрмысы төмен отбасы арнайы тіркеуге алынды.
Серік Үпиев, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:
- Биыл балалар құқығын қорғау комиссиясына 367 материал жолданған. Оның 30-дан астамы сол отбасылардағы ата-аналардың құқығынан айыру материалдары болып отыр. Биыл 9 дерек бойынша ата-ана құқығынан айыру бойынша сот шешімі шықты.