Қарағанды облысының белсенді жастары марапатталды
Оның 500-ге жуығы ауылға барып еңбек етуге бел буыпты. Ал 246 адам кәсіп ашу үшін шағын несие алса, мыңнан астам азамат қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. Бұл туралы Жастар жылын қорытындылаған алқалы жиында айтылды. Жалпы биыл жастардың бастамаларын қолдауға, жастар саясатын жүргізуге қазынадан 878 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда 50% көп. Қазір өңірде 1000 студентке арналған 4 бірдей жатақхананың құрылысы басталды. 21 хоккей корты мен 2 спорт кешені ашылған. Ғылыми-зияткерлік жастар клубы жұмысын бастап, түрлі саладағы 87 жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Жас ақын-жазушылардың алғашқы республикалық форумы мен ауыл жастарының жиыны да жемісті өтті. Бұл күні әр салада белсенділік танытқан 16 жас облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Саламат Мүбәрак, «Әуен» ансамблінің жетекшісі:
- Мен үшін осы жыл табысты болды. Жалпы мен ғана емес, бүкіл қазақ балалары, жастар мемлекеттің қолдауында болып, үлкен табыстарға ие болып жатыр. Жастарға көп көңіл бөлінуде. Мен өзім өнер жолында қызмет жасаймын. Өнер мектебінің ішінен ашылған қыздардан құралған «Әуен» вокалды ансамблі биыл Түркияда өткен 21 мемлекет қатысқан үлкен додадан бас жүлде алып келді. Енді алдымызда қаншама жоспар бар. Сол жоспарлар бойынша жұмыс жасап жатырмыз.