Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заң жобасы мақұлданды
Мәжілісте терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заң жобасын қарау кезінде спикер Нұрлан Нығматулин осылай деп мәлімдеді. Ал Қаржы министрі міндетті орындауға қаржының жеткіліксіздігі қолбайлау екенін айтты. «Қауіпсіздік нормаларын орындау әкімдіктерге қатал тапсырылып, мәселені Үкімет тікелей назарда ұстағаны абзал», – деді Мәжіліс төрағасы. Себебі бұл – халықтың қауіпсіздігі. Мәжіліс спикері сондай-ақ қылмыстық жолмен келген кірістерді жылыстатуды қатаң қадағалау қажеттігін де атап өтті.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Терроризммен күрес – лаңкестерді анықтап, олардың іс-әрекетіне тосқауыл болу ғана емес. Сондай-ақ оларды қаржыландыруға қарсы тұру. Көп жағдайда бақылауды күшейту, қылмыстық жолмен келген кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимылдар лаңкестікпен күресте жақсы нәтиже береді. Заң жобасының маңыздылығы да осында.
Герман Диденко, ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы күрес орталығы штабы бастығының орынбасары:
- Жалпы лаңкестіктен қорғану жүйелерімен қамтуды қаржыландыруды әкімдіктегі терроризмге қарсы күрес комиссиясы іске асырады. Былтыр қауіпсіздік жүйелерін орнатуға 1,5 млрд теңге қаражат бөлінді. Біз өз ұсыныстарымызды жолдап, мониторинг жасаймыз.
Айта кетейік, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жұмыстарына биыл 58 млрд теңге бөлінген. Мәжілістің пленарлық отырысында сондай-ақ көші-қон туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Депутаттар «атамекеніне оралғандарға қаратып айтылатын «оралман» сөзін «қандас» терминіне ауыстыру қажет» деген шешім қабылдады.
Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- «Қандас» деген мәртебеге ие болу үшін Қазақстан егемендік алғанға дейін шетелде тұруы шарт еді. Қазір оны қандас бауырларымыз орындай алмайды. Сондықтан ол мәртебені алу үшін шартты өзгертіп жатырмыз. ҚР азаматтығында болмаған деген критерий жеңілдетіледі.