Түркістандағы ерікті жастардың саны 10 мыңға жетті
Бұл – түркістандық жастардың пікірі. Өйткені Мемлекет басшысы тапсырған жаңа бағдарламада жастарға сапалы білім беру, жұмысқа орналастыру және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тетіктері жан-жақты қаралуы керектігі айтылды. Сонымен қатар қазіргі жаһандық үрдістер мен жастардың сұраныстары да қамтылуы тиіс екенін ескерткен болатын. Айта кетейік, Түркістан облысында 500 мыңнан астам жас бар. Биыл ерікті жастардың санын 10 мыңға жетті.
Айдана Есіркеп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 4 курс студенті:
- Қазіргі таңда Түркістан бойынша 15-тен астам еріктілер клубы бар. Олар түрлі бағытқа бөлінеді. Қайырымдылық, ұйымдастырушылық, спорттық және интелектуалды бағыттағы еріктілер клубы жұмыс жасайды. Біз оларды осы бағыттар бойынша іс-шараларға жібереміз. Келесі жылы атқарылар форумдар мен іс-шаралардың 70% Еріктілер жылына арналады.