БҚО-да жұмысшы жастар баспанамен қамтылады
Былтыр кәсіпорында 6700 трансформатор жасалса, биыл көрсеткіш 8 мың болды. 95% экспортталады. Зауыт ұжымының дені – жастар. «Өндіріс орнында еңбек ететін мамандарды баспанамен қамту, жастардың кәсіби біліктілігін арттыру, жастар туралы заң қабылдау тапсырмасы болашаққа сенім ұялатады», – дейді жұмысшы жастар.
Мейірбек Нағымов, сым орау цехының шебері:
- Жастарға байланысты өте жақсы бағдарламалар болып жатыр. Жұмысшы жастарға еліміздің ірі қалаларында 9 мыңнан астам пәтер беріледі деп жатыр. Оның өзі бір мотивация болып тұр. Себебі қазір жастардың көп бөлігі жұмысшы статусына қарай көп келе бермейді.
Ақан Өтегенов, ауысым шебері:
- Біздің зауытымызда 90% жастар жұмыс істейді. Осы инженерлік мамандығы бойынша өз біліктіліктерін арттыруда. «Осындай саясат – зауыттың айқын айнасы» десек те болады. Алдағы уақытта жастарды қолдай берсе екен дейміз.