Оралда аймақтың кіл мықты жастары марапатталды
Бұл байқау 2008 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. «Мақсат – қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген, сондай-ақ өз қызмет саласында кәсіби шеберлігімен ерекшеленген жас буын өкілдерін қолдау, елдің экономикалық, саяси және мәдени өмірінде жастардың белсенділіктерін арттыру, патриоттық сезімдерін нығайту», – дейді ұйымдастырушылар. «Жыл үздігі-2019» байқауында 12 аталым бойынша жастар сыйлығы анықталмақ. Айта кету керек, осы 11 жылда 560 жас «Жыл үздігі» атаныпты.
Аслан Тәпішев, байқау ұйымдастырушысы:
- Оның ішінде айта кетсек, «Үздік жас кәсіпкер», «Жыл жаңалығы», «Үздік жас дәрігер», «Үздік мұғалім» секілді аталымдар бар. 150-ден астам ұсыныс тапсырылған болатын. Оған арнайы бір ай көлемінде комиссия құрамы белгіленген болатын.