Ақтөбеде кәсіпкер әйелдер бас қосты
Кезекті рет ұйымдастырылған тренинг барысында мейрамхана бизнесінің қыр-сыры айтылып, кәсіп бастау және оны дамыту жөнінде кеңес берілді. Шараға елді мекендерден келген іскер әйелдер қатысты.
Мейрамхана ісіне құмар әйелдер қауымын халықаралық деңгейдегі мамандар қабылдады. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, дәмді тағам әзірлеудің қыр-сырын үйретті. Сондай-ақ ас мәзірін дұрыс дайындау, аз шығынмен мол пайда табу және сервистік қызметті үздік ету жолдары түсіндірілді.
Күлшат Масалимова, Ақтөбе облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:
- Бұл істе өз кәсібіңді жетік білу маңызды. Ең бастысы, қажетті мамандарды дұрыс таңдау керек. Өйткені уақыт орнында тұрмайды. Сондықтан да сұранысқа сай бейімделе білген жөн. Сонда ғана тұрақты бизнес құрылады.
Тренинг барысында танымал тігіншілер мен дарынды оқушыларды тәрбиелеп жүрген білікті ұстаздар, белгілі хореографтар да жиналғандарға дәріс берді. Кәсіп ашудан өзге дамыту, есеп-қисапты дұрыс жүргізу жолдары да кеңінен айтылды. Тіпті сәтті жүзеге асқан жобалар мысал ретінде түсіндірілді. Тегін ұйымдастырылған шараға бұл жолы 180 ауыл кәсіпкері қатысты.
Еркінай Оразымбетова, кәсіпкер:
- Ол үлкен пайдасын тигізіп жатыр. Сол үшін алғыс айтамын. Осындай ұйымдастырушылық шараларын көптеп өткізсе игі болар еді. Себебі барлық қыз-келіншекте қазір кәсіпкерлікке деген ұмтылыс бар.
Өңірдің әскер әйелдер қауымы үшін мұндай шара тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Себебі кәсіпкерлікке бет бұрушы жандардың қатары аймақта жыл санап артып келеді.
Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Айнадин Молдабеков