12 аталым бойынша жастар сыйлығы берілді
Бұл байқау 2008 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. «Мақсат – қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген, сондай-ақ өз қызмет саласында кәсіби шеберлігімен ерекшеленген жас буын өкілдерін қолдау, елдің экономикалық, саяси және мәдени өмірінде жастардың белсенділіктерін арттыру, патриоттық сезімдерін нығайту», – дейді ұйымдастырушылар. «Жыл үздігі-2019» байқауында 12 аталым бойынша жастар сыйлығы анықталмақ. Олардың арасында жылдың үздік жас маманы, дәрігер, ұстаз, студент, кәсіпкер мен спортшы және құқық қорғау саласының өкілдері бар.
Бауыржан Ширмединұлы, «Үздік жас тілші» аталымының жеңімпазы:
- «Үздік атану немесе бір мәртебе биігіне көтерілу» деген нәрсе емес, өз жұмысымыздың насихатталғанын, қала берді мына журналистика деген ұлы кәсіптің, мәртебелі міндеттің халық арасында беделі, сыйы болғанын қалап, түсіну. Енді мені «Үздік журналист» деп танығанымен, артымдағы ұжымның ұйысқан еңбегі деп ойлаймын.
Нұрхат Ораш, Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- Өздерінің номинациясы бойынша мараптталған жастарымыз ұйымдастырушылар тарапынан 100 мың теңге көлемінде арнайы марапатпен және жыл үздігінің статуэткасымен марапатталған болатын. Енді жыл үздіктеріне бұл жүлделері әрі қарай да тыңғылықты еңбектенуіне үлкен мүмкіншілік береді деп ойлаймыз.