Түркістан облысы 12 млрд теңге қаржыны игермеген
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. Жалпы жыл басынан бері жергілікті бюджеттерде 54 млрд теңге көлемінде ақша игерілмепті. Бұл былтырғы жылдың 11 айымен салыстырғанда 26 млрд-қа артық.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі:
- Осы қаражаттар орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және жеткізілетін таурлардың бекітілген кестеден кеш қалуына, шарттардың жасалмауына, конкурстық рәсімдердің ұзақ өткізілуіне байланысты игерілмеді.