Мәжіліс депутаттарына мемлекеттік наградалар тапсырылды
Нұрлан Нығматулин ел тәуелсіздігінің 28 жылындағы жетістіктер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі екенін еске салды. Стратегиялық бағытты Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып, елдің өркендеуі үшін қолайлы жағдай жасалып отырғанын атап өтті. Президент жарлығымен Мәжіліс депутаттары Асқар Базарбаев және Глеб Щегельский «Парасат» орденін иеленді. Мәжіліс аппаратының бірнеше қызметкері «Құрмет» пен «Ерен еңбегі үшін» медальдарын алды. Бірқатар депутатқа ТМД елдерінің парламентаралық ассамблеясы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының наградалары табысталды.