Шәкіртақының көбеюі студенттердің оқу үлгеріміне тікелей әсер етеді
Бүгінде Қызылорда облысындағы ЖОО-лар мен колледждерінде 31 мыңға жуық өрен білім алуда. 3 мыңнан астам жас жұмысшы мамандығын таңдаған. Сондай-ақ өңірдегі аз қамтылған отбасынан шыққан 3 мыңдай студенттің жол ақысына қаржылай қолдау беріледі. Мұнан бөлек, бүгінде 900-дей ауыл жастары облыс әкімінің грантына оқып жатса, тағы 510 талапкер Ресей Үкіметінің гранты бойынша Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі ЖОО-ға түсті.
Ерлан Сипанов, облыстық Жастар ресурстық орталығының қызметкері:
- 25% өскені студент жастарға тиімді. Өйткені ауданнан келетіндер, жатақханада жататын студенттеріміз бар. Оларға үлкен көмек. Жол ақысына, тамағына, киіміне үлкен қолдау болады. Соның арқасында жұмысшы жастар саны көбейеді, білімді жастар саны көбейеді. Жұмыссыз NEET санатындағы жастардың саны азаюына бірден-бір үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.