«Қызылорда-Жезқазған» жолының 140 шақырымы қолданысқа беріледі
Биыл «Қызылорда-Жезқазған» жолының 140 шақырымы қолданысқа беріледі. Бүгінге дейін трассаның 90 шақырымы асфальтталған. Жыл соңына дейін қалған бөлігін іске қосу жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, 5 учаскенің үшеуінде құрылыс жұмыстары толық атқарылды. Қызылорда-Жезқазған жолының Сыр өңіріне тиесілі бөлігі 192 шақырым. Жол құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Келісімшарт бойынша мердігер компаниялар 5 жыл кепілдеме береді. Осы уақыт аралығында салынған жолдан қандай да бір ақау табылса, мекеме өз қаражатына жөндеп беруге міндетті.
Болатбек Айтбаев, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры:
-604 инспекциялық шығу ұйымдастырылған болатын. Оның ішінде 2300 сынама материалдар алынып, зерттеу жұмыстарынан өткізген болатын. 12 пайызы техникалық талаптарға сай келмейтін болып анықталды. Бұл сәйкес келмейтін материалдар шектеп, алып тастады.