Хабар телеарнасы

Кітапханаларға жаңа мамандар керек

Бүгінде кітапханаларда ақпараттық қызмет менеджері, референт сарапшы сияқты маман тапшы. Алайда жоғары оқу орындарында кадр даярлаудың жаңа стандарты енгізіледі. Кітапханашы мәртебесін арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін болашақта жаңа заң қабылдануға тиіс.

Мұны Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов астаналық мамандармен кездесуінде айтты. Ол кітапханаларды заманауи ақпараттық білім беру орталығына айналдыруды ұсынды. 

Магеррам Магеррамов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Кітапханашылар қазір білім саласында және мәдениет саласында жұмыс істейтін деп екі санатқа бөлінеді. Біздің ойымызша, кітапханашыларды ортақ реестрге біріктіріп, олардың еңбекақысын қайта қарастырған жөн. Екіншіден, кадрларды қазіргі заман талабына сәйкес дайындауды қолға алу керек. Және ең бастысы, елімізде әлі күнге дейін кітапханашы қызметі туралы заң жоқ. Алдағы уақытта осы саланы реттейтін заңды қабылдау үшін жұмыс істейін боламыз.