Тәуелсіздік мерекесіне орай елордада Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті
28 жыл бұрын 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңға қол қойылды. Атаулы күнге орай елордада Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Тудың тұғырға қонуы мерекелік шаралардың ең маңыздысы саналады. Өйткені қазақ үшін көгінде желбіреген көк байрақтан қасиетті нышан жоқ. Ту – тәуелсіздігіміздің басты символы. «Атамекен» мемориалдық кешенінде орналасқан көк байрақ көлемі жағынан елдегі ең үлкен Мемлекеттік Ту саналады. 111 метр биіктікте желбіреген туды елорданың кез келген тұсында тұрып көруге болады.