Шетелдік саясаткерлер мен сарапшылар Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Ұлық мерекеге орай жылы лебіздерін білдірген шетелдік саясаткерлер мен сарапшылар Қазақ елінің жетістіктерін атап, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендерін жеткізді.
Мұстафа Шентоп, Түркия Ұлы ұлттық мәжілісі төрағасы:
- Бауырлас қазақ халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Түркия Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет болғанын әрдайым мақтан тұтады. Елдеріміз арасындағы қарым-қатынас біз үшін өте маңызды.
Карин Штренц, Германия Федеративтік Республикасы Бундестаг депутаты:
- Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Біздің достық қатынас орнатқанымызға бірнеше жыл болды. Біз осы байланысты одан әрі бекемдеп, өзара сауда айналымын ұлғайтуға мүдделіміз. Қазақстан – Орталық Азиядағы көшбасшы ел әрі біздің ең сенімді серіктесіміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға жасаған сапары – соның дәлелі.
Леонид Слуцкий, Ресей Федералды кеңес Мемлекеттік думасы Сыртқы істер комитетінің басшысы:
- Екі ел арасындағы ынтымақтастық жыл санап нығайып келеді. Оны бауырластық қарым-қатынас деп сеніммен айта аламын. Сондықтан Ресей Федералды кеңес Мемлекеттік Думасы атынан бауырлас қазақ халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.
Люк Девинь, Шығыс серіктестік және Орталық Азия елдері бойынша басқарушы директоры:
- Серіктестігіміз нығайып, достығымыз тереңдей түседі деген сенімдеміз. Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Елге экономикалық өсім, қазақ халқына бақыт пен жарқын болашақ тілеймін!