Түркиядағы қазақтар Тәуелсіздік күніне құттықтау жолдады
Бұл күнді алыс-жақын мемлекеттерде өмір сүретін қандастарымыз да ұмытпайды. Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш мойындағандардың бірі – Түркия. Мұндағы қазақ бауырларымыз желтоқсанның бұл түнін ұйқысыз өткізіп, бөркін аспанға атып қуанған. Қазір бұл елде 20 мыңнан астам қандасымыз өмір сүреді. Атажұртқа тілеулес болып жүрген ағайын бұл күнді бір дастархан басында өткізеді. Биыл да дәстүрден айныған жоқ. Ыстамбұлдағы қандастарымыз қазақ қоғамында бас қосып, ұлттық мерекені ұлықтады.
Абдулуахап Қара, М.Синан университетінің профессоры:
- Дүниежүзі қазақтары Тәуелсіздік күнін атап өтуде. Бізде бір мақсат болуы керек. Ол– Қазақстанның тәуелсіздігін баянды ету, оны мәңгі ел ету. 16 желтоқсан – дүниежүзі қазақтары үшін ең қасиетті күн.
Осман Кумандан, Ыстамбұлдағы қандасымыз:
- Қазақтарым бар болсын! Қазақстаным бар болсын! Аман болыңдар! Жолдарыңыз ашық болсын!