Алматы облысындағы аудан орталықтарына талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылды
Жоба аясында ұзындығы бір мың шақырымнан астам талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылмақ. 161 елді мекен мен 400-ден астам мемлекеттік мекеме құқық қорғау органдарын және ауылды аймақтағы түрлі әлеуметтік нысандарды қамтиды. Халықты кеңжолақты қызметпен қамтамасыз ету жұмыстары шалғай ауылдарда да қызу жүріп жатыр.
Шерхан Раздықов, телекоммуникациялық компания филиалының директоры:
- Қалалық және ауылдық елді мекендердің арасында үлкен айырмашылық бар. Сол айырмашылықтар жойылады. Бұл бағдарламаның іске асуы бойынша 2 жылда 2368 км тартуымыз керек. Соның 1368-ін биыл, ал қалғанын келесі жылы іске асырамыз.