Алматы облысында автобустың көпірден неге құлағаны белгілі болды
Қарасай ауданының аумағында Алматы-Бішкек автожолының 25-ші шақырымында Yutong Bus автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі қоршауға соғылып, көлік көпірден ұшып кеткен. Ол Mercedes Benz Sprinter көлігінің артқы жағына құлағандықтан, шағын автобус ішіндегі алты адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Дәрігерлік тексерістен соң Mercedes-тегі жеңіл жарақат алған 6 жолаушы үйлеріне жіберілді. Апат кезінде автобус жүргізушісінің денсаулығы сыр бергені анықталды, - деді полиция қызметкерлері.
Елжан Чупеков, Алматы облыстық ПД бастығының орынбасары:
- Автобус жүргізушісінің қанты көтеріліп кеткені анықталды. Ол жедел Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілді. Жүргізуші жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтты. Автокөліктер арнайы автотұраққа орналастырылып, осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.