Өскеменде аутизм белгілері бар балаларға арналған балабақша ашылды
Мұғалімдер ерекше балалармен жұмыс істеу әдісіне жетік дайындалып, арнайы семинарларда білімін шыңдаған. Дефектолог, психолог сынды мамандар балалармен жеке жұмыс істеп қана қоймай, ата-аналарына да кеңес береді. Айта кету керек, бұл – аутизм белгілері бар балаларға арналған өңірдегі алғашқы мекеме. Балабақша жекеменшік және мемлекеттік әріптестік бойынша жұмыс істейді.
Анна Ипатова, жоба үйлестірушісі, ата-ана:
- Бүгінде өкінішке орай бұл проблема өзекті болып тұр. Өйткені аутист балалар көп кездесетін болды. Менің өзіме күнделікті он шақты қоңырау түседі, барлығы да осындай балалардың тағдырына алаңдаулы ата-аналар. Біз ересек емес, кішкене 3-4 жастағы балалардан бастап қабылдаймыз, өйткені ерте бастаса ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.