Балабақшалар лицензия алуы мүмкін
Қазақстанда балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін. Бүгін Мәжіліс, Оқу ағарту министрлігі бастамашы болған білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдап, Сенатқа жолдады. Құжатқа сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібі енгізілді. Сондай-ақ аталған заң аясында жетім балаларды қабылдаушы отбасылардың құқықтық негіздерін және уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл тетіктерін анықталады. Сонымен қатар әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларына мектепте көмек көрсету қарастырылмақ.
Нұрлан Әуесбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Меншік нысанына қарамастан барлық мектептерде отбасы осал санаттағы әлеуметтік көмек көрсету енгізілді. Яғни 10 мыңдай бала «всеобуч» қорынан көмек ала бастайды.