Құлсарыда су басқан үйден екі адамның денесі табылды
Соңғы дерек бойынша Құлсары қаласында су басқан үйден екі адамның денесі табылды. Олар су астында қалған баспанасын тексеру үшін трактормен барған. Бірақ жолда көлік аударылып кеткен. Қайықпен іздеген құтқарушылар сағат 11-лер шамасында денелерін тапты. Төтенше жағдайлар мамандары қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керегін ескертіп жатыр. Өңірде қарғын судан қауіп жоғары. Атырауды су басу қаупі бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев осы аймақта. Облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр.