Қарағандыда қуыршақтар театры халықаралық фестивалі өтті
Таңдап алған тақырыптары терең, көркемдік-эстетикалық ізденістері байқалып тұр. Көрермендер түрлі жанрдағы қойылымдарды тамашалады. Игі шара кеншілер шаһарындағы «Буратино» театрының жарты ғасырлық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр.
Амантай Ыбыраев, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының директоры:
- Қуыршақтар театры фестивалі халықаралық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Біз мұны дәстүрлі шараға айналдырғымыз келеді. Өңірімізге кейін көлеңкелер театры мен ым-ишара театрын да әкелсек деген жоспарымыз бар. Қытай өнерпаздары бірнеше жанрды біріктіріп, керемет дүниелер жасап жүр. Соны да біздің көрермендерге ұсынсақ дейміз.