Жамбыл Ахметбеков: Парламентте оппозиция болу керек
«Парламентте оппозиция керек» деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл ұсынысын депутат Жамбыл Ахметбеков те қолдап отыр. «Себебі көптеген отырыста дауысы көп Nur Otan партиясы өкілдерінің ұсынысы өтіп кетеді. Ал біздің бастамаларымыз қолдау таппайды. Сондықтан да оппозиция институтын құрып, оны күшейтетін уақыт келді», – дейді Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілі.
Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Халықтың үні естілуі керек. Халыққа, яғни ортада Парламентке кірген партиялардың механизмі болу керек. Халық оларға айтады, олар билікке жеткізеді. Міне, осы механизмді жүзеге асыру керек. Бірақ қазіргі кезде ол жүзеге аспай, тежеліп тұрып қалды. Егер де осы оппозициялық заң қабылданатын болса, ақырын жүзеге асып, халықтың үнін жеткізуде, халық пен биліктің арасын жақындастыруда көп қызмет атқарылатын еді.