Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын бекітті
Оның үшеуіне Мемлекет басшысы қол қойды. Ал қалған 29-ы депутаттардың талқылауында. Келер жылы тағы 17 жоба әзірлеуді жоспарлап отыр. Ол жайында Үкімет отырысында Әділет министрі Марат Бекетаев айтты. Жалпы бір жыл ішінде жоспарға 10 рет өзгерту жасалған. 12 заң жобасының мерзімі ауыстырылып, бір заң жобасы екі бөлімге бөлініпті.
Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:
- Атқарылған жұмыстың нәтижесінде Әділет министрлігімен заң жобалау қызметіне бақылауды күшейтуге және заң шығармашылық жұмысының сапасын арттыруға бағытталған бірқатар шешімге түзетулер әзірленді. Аталған түзетулер жоспарланған заң жобасының мерзімін ауыстырғаны немесе мерзімдерін бұзғаны үшін мемлекеттік органның жауапты тұлғаларының жауапкершілігін арттыруды көздейді.