Қызылордада көпбалалы отбасылар қоныстойын тойлады
Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға табысталған бұл баспаналар Сырдария өзенінің сол жағалауынан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген. Жалпы жаңа қала аумағынан бүгінде 820 пәтерлік 16 көпқабатты арендалық тұрғын үй мен 830 пәтерлік 17 көпқабатты кредиттік тұрғын үйдің құрылыстары жүргізілуде. Ал соңғы 6 жылда Қызылорда қаласында 15 жаңа шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан аса қызылордалық баспаналы болды. 2019 жылы да құрылыс жұмыстарының көлемі алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 164,7% артқан. Жалпы өңірде жүзеге асқан құрылыс жұмыстарының 31,4% облыс орталығының үлесінде.
Рыскүл Исабаева, көпбалалы ана:
- Үйді алып жатырмыз. 2006 жылдан бері 13 жыл кезекте тұрдым. Көпбалалы анамын, 7 балам бар. Бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрдық. 3 бөлмелі жақсы жерден пәтер берілді. Қаншама халық тұрып жатыр. Қуанышымызда шек жоқ.