Хабар телеарнасы

Талғар қаласындағы 106 көпқабатты үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды

Жоспарды жүзеге асыру үшін өткен жылы 15 жылу қазандығы салынған еді. Оның ерекшелігі: жанармаймен емес, газбен жанады. Алдағы жылы тағы 19 көпқабатты тұрғын үйді орталықтандырылған жүйеге қосу жоспарланып отыр.

Гүлнәр Оспанова, Талғар қаласының тұрғыны:

- Электр тогымен отырдық. Одан кейін көмірмен жанатын жылу қосып алдық. Енді алғысымыз шексіз.

Жолан Омаров, Талғар ауданының әкімі:

- Келесі жылға қалып отырған 19 үйіміз бар. Оның жобалық-сметалық құжаттарын жасауға 17 млн теңге бөлінген. Қазіргі кезде құжаттары әзірлеуде.