«Қазпоштаның» тұтынушылармен жұмыс істеуі бұрынғыдан да жедел болмақ
Ол үшін компания жергілікті кәсіпкерлермен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздеп отыр. «Қазпошта» серіктестік желі арқылы кәсіпкерлер өз тауарларын саудалаумен қатар пошта қызметтерін көрсетуге мүмкіндік алады.
Мұндай желісін құру бағдарлама тәжірибесі Еуропада кеңінен таралған. Бүгіннің өзінде елімізде компания серіктестіктерінің бөлімшелерінің саны 520-ға жеткен.
Замира Жұмағұл, «Қазпошта» коммерциялық департаментінің директоры:
- 2018 жылдан бастап «Қазпошта» пилоттық режимде 150 серіктес бөлімшені іске қосқан. Ал бүгінгі таңда мұндай бөлімшелердің саны 520-ға жетті.
«Қазпошта» серіктестік арқылы шағын және орта кәсіп иелерімен де жұмыс істеуді қолға алды. Қазіргі таңда бұл жоба бойынша елімізде бірнеше бөлімше ашылып, өз желілерін құрған. Мамандардың сөзінше, мұндай қанатқақты бағдарламаның әсіресе ірі қалаларда жұмыс істеу көрсеткіші өте жоғары.
Максим Ким, «Europharma» дәріхана желілерінің директоры міндетін атқарушы:
- Қазіргі таңда біз 20-ға жуық жаңа бөлімше ашуға келісім жасады. Олардың арасында ірі қалаларда бар. Мәселен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорданы осылардың санатына жатқызуға болады. 2020 жылы біз республика бойынша кемінде 50-ге жуық жаңа аудан орталығымен байланыс орнатамыз.
«Қазпошта» АҚ серіктестеріне дайын бағдарламалық жобамен қамтамасыз етуді ұсынады. Ал қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында оларды оқытып, маркетинг, логистика сияқты салалардың қызметтерімен қамтамасыз етеді. Осындай ынтымақтастықтың арқасында «Қазпошта» өз желісін ел аумағында кеңейтуді көздейді.