Хабар телеарнасы

Тұтынушылар тарапынан шағым көп

Тұтынушылар тарапынан шағым көп. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Болат Танабергенов мәлімдеді. Аталған Комитетке жыл басынан бері 56 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12% артық. Шағымдардың дені бөлшек сауда, электрондық коммерция, тұрмыстық және қаржы сондай-ақ, ұялы байланыс қызметіне қатысты екен. Ал тәуелсіз зерттеу нәтижесі бойынша елімізде автобус пен теміржол және білім беру мен медицина қызметтерінің сапасына көңілі толмайтындар көп. Комитет төрағасының айтуынша, өтініштердің 45% толық қанағанаттандырылған. Дегенмен ең алдымен тұтынушылардың құқықтық сауатын арттырып, бизнестің тәсілдерін өзгерту керек. Мұның барлығы «Тұтынушылардың құқығын қорғау» туралы заң жобасының жаңа редакциясында көрсетілген. Ол қазір Мәжілісте жатыр.

Болат Танабергенов, ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының М. А.:  

- 1-кезекте Комитет тұтынушыларды тиімді қорғауға бағытталған заңнамалық түзетулер қабылдай отырып, Парламент Мәжілісінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын сүйемелдеу жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Екіншіден тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулердің қабылдануын қамтамасыз ету қажет.