Ресей жәдігерлері Қазақстан музейіне қойылды
Келушілер назарына «Суреттер-елестер» бейнелеу голограммалары, «Мысырлық мумиялар» мен императорлық анатомиялық музейінен әкелінген «Спиртті ғажайыптар» ұсынылды.
Мысырлық мумиялар көрмесі Ежелгі Мысырдың құпияларына сыр шертеді. Ал Ресей императорлық анатомиялық мұражайының көрмесінде адам дамуының туа біткен ауытқулары экологияның жағымсыз әсері көрсетілген. Көрмеге екі басты түлкі, қаршыға және екі денесі бар сусары сияқты бірегей жәдігер қойылған.
Досжан Ермеков, қала тұрғыны:
- Мен бұған дейін мумияларды тек теледидардан көріп едім. Енді өз көзіммен көру мүмкіндігі туды. Маған Египеттің тарихы ұнайды. Келешекте барып-келгім келеді. Пирамидалардың пайда болу тарихын зерттегім келеді.