Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды
Егер табысыңыз жеткілікті болса да, оны алуға құқылысыз. Одан тыс барлық қазақстандыққа, оның ішінде мемлекеттік жәрдемақы алатын көпбалалы аналарға да атаулы әлеуметтік көмек беру жалғасады. Оны алу үшін отбасының жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70% аспауы тиіс. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында оның көлемі бір адам үшін 24 258 теңгені құрайды.
Салтанат Станбаева, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы:
- Мысалы, 100 мың табыс 5 адамға бөлінеді. 20 мыңнан болса, бізде күнкөріс деңгейінің 70% – 24258 теңге. Айырмашылық – 4258 теңге. Жетпей тұрған 4258 теңге отбасының әрбір мүшесіне беріледі. Бұл – атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері.