2020 жылдан бастап МӘМС жүйесі іске қосылды
Мұның арқасында қазақстандықтардың МРТ, компьютерлік томография, стоматология сынды қымбат қызметтерге тегін қол жеткізу мүмкіндігі бар. Ол үшін өз статусын анықтап, ортақ қорға жүйелі түрде ақша аударулары қажет.
Айбатыр Жұмағұлов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы:
- МӘМС жүйесінің тарапынан стоматологиялық қызмет те көрсетіледі. Қызмет көрсетілетіндер санатына балалар мен жүкті әйелдер жатады. Бұл топтың кез келген уақытта аталмыш қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Ал 15 санатқа жататын: студенттер, балалар, зейнеткерлер, көпбалалы аналар және мүмкіндігі шектеулі жандар бюджет есебінен сақтандырылады. Бұл санатқа қазақстандықтардың 10 млн-ға жуығы еніп отыр. Ал тағы 2 млн-нан астам азаматтың статусы анықталмаған. Бұл жұмыстар 1 сәуірге дейін аяқталады деп жоспарланған.
Мемлекет тарапынан сақтандырылатын жеңілдігі бар санаттар:
1) студенттер;
2) балалар;
3) зейнеткерлер, оның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
4) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
5) мүмкіндігі шектеулі жандар;
6) жұмыссыздар ретінде ресми тіркелген адамдар;
7) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
8) 3 жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
9) бала туу немесе жаңа туған сәбиді асырап алуға байланысты немесе баласы 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс алғандар;
10) мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтіндер;
11) сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;
12) тергеу изоляторларында отырғандар;
13) жұмыс істемейтін оралмандар;
14) балалық шақтан І топ мүгедегі болып табылатын жарымжан тұлғаның күтіміне байланысты үйде отырған жұмыссыздар;
15) мемлекеттен АӘК алатын жұмыссыз азаматтар.