Хабар телеарнасы

МРТ мен компьютерлік томография қызметтерінің бағасы арзандайды

Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС пен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясындағы медициналық қызметтер тарифін қайта қарады.

Мойын, кеуде, сүйек-буын жүйесі және өзге де ағзалардың компьютерлік томографиясы 9 мың 600 теңгеден - 7 мың 900 теңгеге дейін арзандайды. Ал контрастілеуді қажет ететін компьютерлік томография құны 29 мың 900-ден - 25 мың теңгеге дейін төмендейді.

Магнитті-резонансты томография жасату қазіргіден шамамен 5 мың теңгеге арзанырақ шығады. Жаңа тарифтер 1-ші қыркүйектен бастап бекітіледі.