Павлодар облысында АӘК алушылар құжат тапсыра бастады
Әзірге 150-ден астам азамат әлеуметтік жәрмемақы алуға ниет білдірген. Сала мамандарының айтуынша, басымдық көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілмек. Жаңа форматқа сәйкес, отбасында табыс табатын жанның болуы міндетті. Егер еңбекке қабілетті азамат жұмыс істемесе, онда оларға жәрдемақы берілмейді.
Айта кетейік, былтырғы жылы 3 500-ден астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Жәрдемақы 17 млрд теңгені еңсерді. Бүгінде аймақта төрт мыңға жуық көпбалалы отбасы бар.
Айнұр Мұқашбекова, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Әлеуметтік көмек алушылардың ішінен 998 көпбалалы отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілген болатын. Бүгінгі таңда 2018 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тоқтатылған болатын. Ал осы жылдан бастап бұл отбасыларға сол жәрдемақы қайтарылатын болды. Отбасының табысына қарамастан, төрт баласы бар отбасыларға 42 496 теңге төленеді, бес баласы барларға 53 153 теңге төленеді.