Қарағанды облысында КТ, МРТ-ға түсушілердің саны артты
Қазір олардың саны 3 есе өсіп, енді 4000-дай адамға қолжетімді болды. Сондай-ақ жоба аясында жекеменшік-серіктестік бағдарламасы бойынша 5 емхана ашылып, 8 оңалту орталығы қолданысқа берілді.
Қарағанды облысында медициналық сақтандыру жүйесі 2019 жылдың 1 қыркүйегінде іске қосылған. Кеншілер аймағы бұл жобаны пилоттық режимде бастады. Облыстағы еңбек ететін 395 мың азаматтың барлығы МӘМС жүйесіне енгізілді. Ал 15 санатқа кіретін 830 мың тұрғынға мемлекет МӘМС жүйесі аясында тегін қызмет көрсетіледі.
Қазір аймақта 90 мыңнан астам өзін-өзі жұмыспен қамтитын азамат бар. Оларға арнайы төлем терминалдары қарастырылған. 2020 жылы облыста денсаулық сақтау саласына 93 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады. Бұл өткен жылдағыдан 24% артық. Оның 1/3 міндетті медициналық сақтандыруға бағытталған.
Азамат Өмертаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС департаментінің директоры:
- МӘМС жүйесі қаражатты ұлғайтып, қосымша медициналық қызмет көрсететін учаскелерді ашуға мүмкіндік беріп отыр. Біздің басты мақсатымыз – медициналық мекемелердегі кезектерді азайту. Әр учаскеге 1500 адамнан ғана тіркесек, халық медициналық қызметтерін ешқандай кезексіз ала алады. Осылайша сапалы медициналық қызметті қолжетімді етеміз.