377 судьяның 11% аттестациялаудан өте алмай қалды
Аттестациялау әлі де жалғасады. Жыл соңына дейін тағы бірнеше судьяның білімі мен білігі тексерілмек. Ал келесі жылы олардың 84% толық тексеруден өтеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Барлық реформаны жасадық, мемлекет құрдық. «100 қадамның» ішінде сот жүйесінің қалай болу керектігі айтылған. Сотқа сенім күшейіп келе жатыр. Сот жүйесінің орны бөлек. Ел соған сеніп, барлық мәселелерін сол жерге барып, әділетті шешетініне сенімді болуы керек.
Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы сот төрағасы:
- 100 нақты қадам бар. 2 ай бұрын алдымызға ірі міндет қойдыңыз. Қазір біз судьялық кадрларға арналған аттестациялаудың жаңа әдісін бастадық. Биыл 377 судья аттестациядан өтті, 11% өтпей қалды. Биыл 260 судьяны өткіземіз, келесі жылы судьялардың 84%тексеруден өтеді. Қызметтеріне сай болмағандықтан, былтыр біз 37 судьяны теріс себептермен жұмыстан босаттық.