Денис Шипп Жоғарғы Соттың судьясы болып сайланды
Сенаторлар Жоғарғы Сот судьясы лауазымына Денис Шипптің кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Оны үміткер ретінде Мемлекет басшысы ұсынған. Депутаттар ұсынысты қолдады.
Денис Шипп 1968 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Кәсіби мансабын ағылшын тілінің аудармашысы болып бастаған. Әр жылдары еліміздің теріскейінде Агроөнеркәсіптік комитетте жұмыс істеген. Сондай-ақ салық полициясында инспектор, қаржы полициясы департаментінде тергеу басқармасының төрағасы қызметін атқарған. Ал судья қызметін Петропавл қалалық сотынан бастаған.
Дмитрий Малахов, ҚР Жоғары Сот кеңесінің төрағасы:
- Денис Шипп Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының судьясы, кейіннен Алматы қаласы мамандандырылған қаржы сотының төрағасы болған. 2015-2021 жылдары Жоғарғы Соттың судьясы, мамандандырылған сот алқасының мүшесі. Одан кейін Жоғары сот кеңесінің төрағасы қызметін атқарған болатын.