Блогерлер ₸1,2 млрд салық төледі
Блогерлер де салық төлейді. Өткен 9 айда олар мемлекетке 1 млрд 226 млн теңге кіріс кіргізген. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша Республика бойынша 745 блогер бар. Олар түрлі әлеуметтік желіде тіркелген 20 мыңнан астам жазылушысы бар жеке тұлғалар. Егер блогер жалдамалы жұмыскер еңбегін пайдаланса немесе оның жылдық табысы 12 есептік төменгі жалақыдан, яғни 1 млн теңгеден асса, ол кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.
Бахтияр Шамарданов, Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалар кірісін әкімшілендіру басқармасының сарапшысы:
-Жалпы отандық блогерлер қазірдің өзінде кәсіпкерлер болып табылады және қолданылатын салық режиміне байланысты тиісті салықтарын төлейді. Мәселен, соңғы 3 жылда блогерлер ағымдағы жылды қоспағанда 1 млрд 178 млн теңге төледі. 2021 жылдан бастап олар 213 млн теңге төлеген, 2022 жылы 290 млн теңге, ал 2023 жылы 674 млн теңге төледі.