1 ақпаннан бастап валюта айырбастау тәртібі өзгереді
Енді 1 доллар айырбастасаңыз да, жеке куәлік керек, бірақ мекенжай сұралмайды.
Сондай-ақ айырбас пунктері таңғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ғана істейтін болады. Ірі сауда орталықтарында кешкі 22:00 дейін, ал әуежай, теміржол вокзалы, казино және шекарадан көлікпен өту бекеттеріндегі айырбас пунктері тәулік бойы жұмыс істей береді.
Марат Садретдинов, ҚР Ұлттық банкінің басқарма жетекшісі:
- Кешкі және түнгі уақытта ақша айырбастау пунктері валюта бағамын көтеріп қояды. Мұндай жайттарға жол бермеу үшін Ұлттық банк осындай шешім қабылдап отыр. Ал кейбір клиенттер өзінің аты-жөнін жасыру үшін ақшаларын 500 мың теңгеге дейін бөліп, бірнеше пункте ауыстырып жүр. Осындай амалын тауып алған. Енгізілген өзгерістер Ұлттық банкке қаржылық операцияларды мұқият талдауға мүмкіндік береді.