Елімізде 2020 жылдың алғашқы ақылы ҰБТ-сы басталды
Оған қатысуға 95 мыңнан астам талапкер өтініш білдірген. Алғашқылар қатарында 10065 адам қатысқан. Тестілеу 16 пункте өткен.
Айта кетейік, сынақ бұрынғыша 5 пән бойынша тапсырылған. Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы міндетті. Қалған екеуі таңдау бойынша.
Наужан Дидарбекова, Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары:
- Мысалы, педагогикалық мамандықтар бойынша ЖОО-ға түсу үшін міндетті түрде 60 балл алу керек. Медициналық мамандықтар 65 балды құрайды. Басқа оқу орындарына 50 балл. Ұлттық ЖОО-ларға 65 балл – шекті ұпай.
Ескере жүріңіз, биыл да ҰБТ 4 рет өтеді. Ол қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларына жоспарланған. Маусым айындағы нәтижемен мемлекеттік білім беру грантына қатысуға болады. Ал қалғандары ақылы негіздегі оқуға түсу үшін ғана жарамды. Осы жолғы сынақты өткізуге 99 пункт, 820 аудитория дайындалыпты.