Хабар телеарнасы

Мамандар ҰБТ-ны жетілдіруді бастады

Қазақстанда ҰБТ енгізілгеніне 20 биыл жыл болды. Осы аралықта оған бірнеше рет өзгеріс енгізілді. Мамандар оны тағы да жетілдіруге ниетті. Ол үшін қазір америкалық ATS компаниясымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Астанада өткен халықаралық конференцияда белгілі болды. Жаңа жобада АҚШ-тың озық тәжірибесі ескеріледі. Жаңа тестілеу бағдарламасын енгізу мерзімі әлі белгісіз. Айта кетейік, елімізде жыл сайын шамамен 200 мыңға жуық мектеп бітіруші ҰБТ тапсырады. Биыл орташа балл 68, ең жоғары балл 140 болды.

Болатбек Абдрасилов, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

-Біз балаларымызға қажетті ақпаратты іздеуге, оны практикалық мақсатта пайдалануға үйретуіміз керек. Оқуға түсу құралы ғана болмай жұмыста, ғылыми салада да қолданса дейміз. Жаңа әдіспен тесттерді әзірлеуді бастайық. Ол дайын болған соң алдымен сынақтан өтеді. Тек содан кейін ғана тәжірибеге енгізіледі.